Айбек Дәдебаев: Сапалы кадрлар бір күнде өсіп шықпайды

Сайт инвестиции Казахстан

ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебаев республикалық телеарнаға берген сұқбатында мемлекеттік кадр саясатына қатысты сауалға жауап берді.

ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебаев республикалық телеарнаға берген сұқбатында мемлекеттік кадр саясатына қатысты сауалға жауап берді.

Ол сапалы кадрлар бір күнде өсіп шықпайтытын және бұл бағытта жүйелі әрі ұзақ мерзімде жұмыс атқару қажеттігін айтты.

“Бес жылдан бері Президенттік жастар кадр резерві іске қосылды. Сол уақыттан бері 289 резервші түрлі секторларда, 3-уі – “А” корпусындағы, 36-ы – саяси лауазымдағы қызметке тағайындалды. Бұдан бөлек, резервтегі жас азаматтар Парламент Мәжілісінің депутаты болып та сайланды. Биылдан бастап Өңірлік кадрлық резервтер құрыла бастады. Сондай-ақ, мемлекеттік грантпен отандық жоғары оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектерді ендігі жерде байқаудан тыс мемлекеттік қызметке тартуды жолға қойдық. Былтыр 120 үздік түлек мемлекеттік қызметке орналасты”, – деді Айбек Дәдебаев.

Промышленность Казахстана инвестиции

Президент әкімшілігінің басшысы бір маманды оқытып шығаруға кемі 5 жыл керек болса, кәсіби мемлекеттік қызметшілер буынын тәрбиелеп шығуға одан екі есе, тіпті одан да көп уақыт керек екенін атады.

“Ең бастысы, ел ішіндегі білімді, білікті азаматтардың мемлекет ісіне белсенді араласуын арттырып, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды Президент айтқан “Адал азамат” тұжырымдамасына сай жетілдіру үстіндеміз”, – дейді Айбек Дәдебаев.

Айбек Дәдебаев өзі жетекшілік ететін Президент Әкімшілігінде кадрларды іріктеу, тағайындау, оқыту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағытындағы үздік әлемдік тәжірибелер зерделеніп, заманауи тәсілдер енгізіліп жатқанын хабарлады.

“Президенттің тапсырмалары негізінде мемлекеттегі кадр саясатына меритократия механизмдерін енгізуді қолға алдық. Қазір қабілетті адамдарды іріктеу процесін автоматтандыру жүйесі іске қосылды. Кадрларды іріктеу, тағайындау, оқыту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағытындағы үздік әлемдік тәжірибелер зерделеніп, заманауи тәсілдер енгізілу үстінде. Бұған қоса мемлекеттік саяси қызметшілерді тағайындау процессі қайта пысықталуда. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес мемлекеттік органдар Президент әкімшілігіне саяси лауазымға тағайындауға бір ғана кандидатты ұсынатын. Бұл тәсіл, өз кезегінде, Орталықтың үздік үміткерді анықтап, дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік бермейді. Таңдау тек ұсынылған кандидатпен шектелінетін. Бұдан былай, саяси лауазымдарға тағайындауларды келісу процесі кандидаттардың жеке және кәсіби құзыреттерінің негізінде құрылған рейтинг арқылы жүргізіледі. Бұл ретте, бұл рейтинг саны шектеулі азаматтарды ғана қамтымайтынын атап өткен жөн. Алдағы уақытта тәсіл толық автоматтандырылады, яғни адами факторының әсері азаяды. Мақсат – саяси қызметке нәсіліне, тегіне, жынысына қарамастан білімді, білікті, уәдеге берік, заңды құрметтейтін азаматтарды тарту”, – деді Айбек Дәдебаев.

  Что будет, если пить по 4 литра воды в день. Результат удивил даже врача